Солтүстік Қазақстанда қызмет барысында жол апатында көз жұмған полицейлердің денесі жер қойнауына табысталды. Қайғылы оқиға алтыншы қыркүйек күні Ғ.Мүсірепов ауданында орын алған болатын, деп жазады Qazaqstan Media.

Владимир Синицын және Дәулетхан Қазыхан  жол апаты кезінде қызмет бабында болған. Сараптама көрсеткендей, екеуі де спирттік ішімдік ішпеген.  Жол апатының орын алуына не себеп болғаны  анықталып жатыр.

СҚО-да жол апатында қаза болған полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды
СҚО-да жол апатында қаза болған полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды

Сегізінші қыркүйек күні қаза болған қызметкерлерді туғандары мен әріптес, достары ақтық сапарға шығарып салды.

Владимир Синицин  18 қыркүйек күні 42 жасқа толар еді. Майор шенінде болған марқұм, Чистополье ауылындағы полиция пунктінде учаскелік инспектор болған. Қарапайым отбасыдан шыққан, әкесі-жүргізуші, анасы-медбике. Әскери борышын өтегесін, Қарағанды қаласындағы заң академиясын бітірген.  

СҚО-да жол апатында қаза болған полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды
СҚО-да жол апатында қаза болған полицейлерді ақтық сапарға шығарып салды

Құқық қорғау саласына 2009 жылы кедіпті. Еңбек жолын тергеуші болып бастаған. Былтыр су тасқыны кезінде бір отбасыны тілсіз жаудан құтқарып қалған.  Адал еңбегі үшін «Ерлігі үшін» медалін де алған.

Ал, Дәулетхан Қазыхан Түркістан облысының тумасы, 27 жаста. Ол да Чистополье ауылындағы полиция пунктінде учаскелік инспектор болған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Ол қызметке 2022 жылдың мамырында келген. Марқұмның артында келіншегі мен екі баласы қалды. Дәулетхан Қазыхан туған жерінде жерленді.

 

Тағы оқыңыз: СҚО-да тағы да полицейлер жол апатына түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *