8 қаңтар күні Астана – Петропавл автожолында «Toyota Camry» мен «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Қайғылы оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.

Алдын ала ақпарат бойынша, «Toyota Camry» қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте оған қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан 2001 жылы туған жүргізуші, сондай-ақ 1962, 2008 және 2011 жылдары туған жолаушылар қаза тапты.

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *