Айыртау ауданында сегізінші шілде күні болған жол апатында 39 жастағы ер адам ауыр дене жарақатын алған болатын. Ол бірден аудандық аруханаға жеткізілген еді. Қазіргі кезде пациент Ақмола облыстық ауруханасында жатыр, деп жазады Qazaqstna Media.
Қайғылы оқиға Айыртау ауылының маңында болған еді. Жол-көлік оқиғасында 42 жастағы әйел адам көз жұмып, бір адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ол ес-түссіз күйде болып, дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Бірнеше сүйегі сынып, бас миы шайқалған деген диагноз қойылған болатын. Қазір пациент Ақмола облысында ем қабылдап жатыр екен.
«8 шілде күні Айыртау ауданында болған жол көлік оқиғасы салдарынан ауыр дене жарақатын алған 39 жастағы ер азамат Ақмола облыстық ауруханасына ауыстырылды. Зардап шегішу түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Жағдайы тұрақталғасын пациентті Ақмола облыстық ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды. Ол қазір көрші облыста ем қабылдап жатыр»,- деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бір адам қаза тауып, бір адам зардап шеккен жол апатына қатысты полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?