Солтүстік Қазақстанда екі көлік соқтығысып қалды. Салдарынан Volkswagen көлігін басқарған 74 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға 7 наурыз Жамбыл ауданындағы Новорыбинка ауылының маңында болған. Мамлютка — Қостанай тасжолының бойында Volkswagen мен Škoda автокөліктері соқтығысып, 74 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.
«Жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда қант қымбаттады