СҚО полицейлері жоғалған бүлдіршінді үйінен бес шақырым жерден іздеп тапты. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындары «102» арнасына қоңырау шалып, бес жасар қызының жоғалғанын хабарлаған. Жоғалған қыздың туғандары төңіректі қарап шығып, баланы таппаған соң тәртіп сақшыларына жүгінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастаған. Елді мекен ішін аралап қызды таппаған тәртіп сақшылары,бүлдіршінді ауылдың сыртынан да іздей бастаған. Нәтижесінде жоғалған қыз бала Жезқазған — Петропавл тас жолында Подгорное ауылы бағытында шамамен үйден бес шақырым жерде табылып, аман-есен ата-анасына қайтарылды.Бүлдіршіннің жақындары тәртіп сақшыларына шын жүректен өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Тағы оқыңыз:СҚО-да жүк тасымалдау ережесін бұзған жүргізушілерге 9,4 млн айыппұл салынған