Жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы ақша дауы адам өлімімен аяқталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылында қайғылы оқиға 31 қазанда кешке орын алды, деп жазады Qazaqstan Media.

WhatsApp желісіндегі тараған хабарламаға сенсек, 22 жастағы Вадим Орлов мас күйде  «БурБат» ЖШС басшысы Азамат Батановтың үйіне барған. Жігіт істеген жұмысы үшін ақшасын талап еткен. Бірақ, фермер далаға ақша емес, мылтық алып шығады. Шақырусыз келген қонақты қорқытпақ болса керек. Көкке қарата бір рет атады. Сол кезде мас жігіт, қаруды жұлып алып, Азамат Батановтың басынан және ішінен атқан. 52 жастағы кәсіпкер сол жерде көз жұмады.

Серіктестік директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынды.

«БурБат» ЖШС мал және егін шаруашылығымен айналысады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікте шенеуніктер кәсіпкерлерге кедергі келтірген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *