Солтүстік Қазақстанда үйі өртеніп кеткен отбасы жерлестерінен көмек сұрап отыр. Баспанасыз қалған  жанұя қазір туыстарының үйін паналауға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өрт 27 наурыз сағат таңғы сегіздер шамасында Ғ. Мүсірепов ауданы Червонное ауылындағы үйлердің бірінде шыққан. Баспана иелерінің сөзінше, от пеш тұрған бөлмеде тұтанған. Кейін лезде өзге бөлмелерге таралып кеткен.

СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, бүтін бір отбасы далада қалды

«Өрт туралы хабар сағат 08.21 келіп түсті. ТЖД мамандары оқиға орнына жеткенде жалын 120 шаршы метр аумаққа таралып кеткен. Сағат 09.05 өрт оқшауланып, 09.18 ауыздықталды. Шақыртуға өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техника шыққан болатын», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Үй иесі Жанна Ведмедеваның айтуынша, өрт сөндірушілерге дереу хабар бергенімен олар жарты сағаттан соң бірақ келген. Өйткені, Червонное ауылы аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан.

«Өрт сөндірушілер дереу жеткенде мүмкін үйімізді аман алып қалу мүмкін болар ма еді, кім білсін? Баспанамыз, барлық жиһаздар мен техника жанып кетті. Әйтеуір, құжаттарымызды алып, үйден балам, келінім үшеуміз қашып шықтық. Басымыз аман қалғанына ризамыз», — дейді тұрғын.

Қазір олар туысқандарының үйін паналауда. Ендігі мақсат – өз үйлерін қалпына келтіру. Ол үшін Ведмедевтер отбасы халықтан жылу жинап жатыр. 

«Үйімізді қалыпқа келтіру үшін 10 млн-ға жуық қаржы қажет. Сондықтан тұрғындардан қаржылай көмек сұраймыз. Қазірдің өзінде шамалы қаржы жиналды. Бірақ ол аздық етеді», — деді Жанна Ведмедева.

СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, бүтін бір отбасы далада қалды

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында егіс науқанына дайындық қызған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *