Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде «Ұмытылмас отты жылдар» атты кескіндеме және мүсін көрмесі ашылды. Бұл көрме Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Көрменің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, халқымыздың тарихын сақтап, отты жылдарда жаумен шайқасқан  жауынгерлерге құрмет көрсету. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске құрметпен қарауға ықпал ету.

СҚО-да Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
СҚО-да Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

«Экспозиция екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде музей қорынан алынған туындылар қойылған. Олардың қатарында Айтымбай Молдабековтың «Жауынгерлік жылдар», Әбілден Сапуговтың «Отсыз кезде», Виктор Цветковтың «Партизан Лариса» атты суреттері және Ескен Сергебаевтың «Ана», Мұса Сеисовтың «Соғыстың көктемі» атты мүсіндік жұмыстары бар», — дейді музей бөлімінің меңгерушісі Мейрамкүл Әбуова.

Көрменің екінші бөлімінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері мен жергілікті қылқалам шеберлерінің онға жуық туындысы ұсынылған. Ол соғыс жылдарының ауыртпалығы мен жеңіс қуанышын бейнелейтін жарқын әрі әсерлі картиналар. Ал Галия Әбенова, Марат Қожахметов, Анатолий Тюрин сынды қазіргі заман суретшілерінің жаңа еңбектері көрмені толықтыра түсті. Көрме екі ай бойы келушілер үшін ашық болады.

СҚО-да Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
СҚО-да Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар әскери ботқадан дәм татып, қару-жарақ және әскери техникамен танысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *