СҚО-да жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 29 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Солтүстік Қазақстанда Mercedes Benz автокөлігі мен КамАЗ соқтығысып қалды. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі зардап шеккен, ол қазір ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға қазанның 2-сі күні Жезқазған-Петропавл тасжолында болған. Карлуга ауылының маңында Mercedes Benz автокөлігі мен КамАЗ соқтығысып қалған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«29 жастағы жігітке аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілгесін ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның жамбасы сынып, бас ми жарақатын алған. Қазір өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Комада жатыр. Жағдайы ауыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде үш мас тракторшы ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x