Түрлі қашықтыққа жүгіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру. Петропавлда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бәсеке екі күнге созылады. Кіл мықтылар анықталатын жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам жастың басын қосты.

«Қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді. Дүбірлі додаға облыстан кіл мықтылар баруы тиіс. Сондықтан да осы жарысты өткізіп отырмыз. Ұл-қыздардың аяқ алысы жаман емес. Жалпы, СҚО — жеңіл атлетикадан ел көлемінде үздіктердің қатарында. Барған бәсекелердің барлығынан жүлдесіз қайтпаймыз»,- деді жеңіл атлетикадан СҚО аға жаттықтырушысы Кирилл Бабич.

Бүгін жекелей және эстафеталық жарыс өтті. Яғни, командалық сайыс. Әр құраманың қатарында 5 қатысушыдан. Бұл бәсекеде айыртаулықтардың мерейі үстем болды. Қызылжар ауданынан келген жастар жеңімпаздарға айтарлықтай қарсылық көрсетті.

СҚО-да жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды
СҚО-да жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды

«60 метр қашықтыққа жүгіруден 4-ші орынға ие болдым. Жүлдеге сынық сүйем жетпей қалды. Өзімнің қателігім деп есептеймін. Басында сәл кідіріп қалдым. Бірақ, мұнымен тоқтап қалмаймын. Алда жарыс көп қой. Мықтылығымды дәлелдеуге мүмкіндік бар»,- деді жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы.

Облыс чемпионатына біраз ауданның өкілдері келмепті. Оған себеп — қаржылық қиындықтар. Айта кету керек, жарыс қорытындысы бойынша 5 қыз, 5 ұл бала ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл екі электр пойызы шығарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *