СҚО-да жазғы лагерьлер 10 маусымнан бастап балаларды қабылдайды

Биыл алты мыңнан астам солтүстікқазақстандық оқушы жазғы лагерьлерге барады. Олардың алғашқы легі демалыс орындарына маусымның 10 аттанбақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл жазғы демалыспен 68 мыңнан астам (1-10 сынып арылығы) солтүстікқазақстандық оқушыны қамту жоспарланып отыр. Өңірде 204 мектеп және 253 бейіндік алаң жұмыс істейді. Сондай-ақ 30 қосымша білім беру ұйымы мен 25 аулалық клуб балалардың демалысын өткізуге септеседі. Ал Оқушылар сарайында жазғы академия жұмыс істейтін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректерді келтірген облыстық білім басқармасы бөлімінің басшысы Мафруза Науанова биыл қала сыртындағы 14 лагерьдің тек 11-і ғана балаларды қабылдайтындығын айтты. Оларда 6145 оқушы өз демалысын өткізбек.

«Жазғы лагерьлерге баратын алты мыңнан астам оқушының жартысына жуығы (2396) тегін демалыспен қамтылады. Бұл әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Жолдаманы алу үшін қалалық не аудандық білім бөлімдеріне жолығу қажет», — деп нақтылады облыстық білім басқармасы қорғаншылық, қамқоршылық және білім берудегі тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Мафруза Науанова.

Қазір лагерьлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаруа маусымның 6-сы аяқталады. Ал 10 маусымнан бастап демалыс орындары балаларды қабылдай бастайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаз жаңбырлы болады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *