СҚО-да жолды кесіп өтпек болған жігіт көлік астына түсіп, мерт болды

СҚО-да республикалық маңызы бар тас жолда 26 жастағы жігітті көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер аталған фактіге қатысты, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға Аққайың ауданында болған. 12-ші қыркүйек күні сағат 20.00 «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолда «ГАЗ» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 26 жастағы ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Ол бап «абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» деп аталады. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, машинаны басқарған жүргізуші сау болған», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері аулалармен пәтерлерді аралап жүр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x