Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар 11 мыңнан астам отбасыны тексерген. 272 заңды өкіл балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тұрмысы қолайсыз отбасыларға қатысты іс арнайы комиссия отырысында қаралды. Сөйтіп, жауапсыз ата-аналардан 12 бала алынған.

«Прокуратураның талабы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырыстарында 44 қолайсыз отбасы қаралды. Физикалық қауіп-қатерге байланысты 12 бала отбасынан алынды. 272 заңды өкіл балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов пен өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова кездесіп, екі жақты меморандумға қол қойылды.

Жалпы, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты 1 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. 47 қадағалау актісі енгізілді, оларды қарау нәтижелері бойынша 18 527 тұлғаның құқығы қорғалды. 854 адам жауапкершілікке тартылып, 26 млн теңге материалдық залал өндіріліп алынды.

Тағы оқыңыз: Темекі шегемін деп күйіп қалған: СҚО-да күйік шалған 29 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x