СҚО-да жастардың қаншалықты заңды білетіні тексерілді
“Qyzyljar art” орталығында Ата заң күніне арналған интерактивті ойын ұйымдастырылды. “Конституция татулық пен келісім кепілі” тақырыбы берілген брейн-рингке қаламыздағы белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сайыста қатысушылардың заңды қаншалықты білетіні тексерілді. 3 кезеңнен тұратын сайысқа 3 топ қатысты.
СҚО-да жастардың қаншалықты заңды білетіні тексерілді
«Өзім қаламызда өткізілетін түрлі іс-шараға қатысамын. Бүгінгі ойында өзіміздің топқа жеңіс, ал қарсыластарыма сәттілік тілеймін»,- қатысушы Даниил Хрикун.
Алғашқы кезеңде жастар қағаздарды ретімен қойып, Ата заңның баптарын тізу қажет. Екінгі турда ұл-қыздарға логикалық сұрақтар қойылады. Ал шешуші кезеңдк олар ребусты шешті. Қазылар — облыстық прокуратураның қызметкерлері. Білікті мамандар ұл-қыздардың білімдерін тексеруге ынталы.
СҚО-да жастардың қаншалықты заңды білетіні тексерілді
«Бізге заң үстемдігін қамтамасыз ету ғана емес, білімімізді жас ұрпақпен бөлісу де аса маңызды. Конституция бірлік пен келісімнің негізі болып табылады. Ал мұндай интерактивті ойындар оның құндылығын түсінуге жақсы мүмкіндік береді»,- деді СҚО прокуратурасының басқарма прокуроры Арыстан Шынтемір.