СҚО-да жасөспірімдердің қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтті. Олар скутер мен велосипедтерді ұнататын жас әуесқойлар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Себебі биыл жасөспрімідердің қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті, деп жазады Qazaqstan Media.  

Полицияның профилактикалық рейдтерінің барысында  балалардың бәрі де жол қозғалысы ережелерін сақтамайтынын көрсетті.  Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерін кесіп өткен кезде байқалады. Тек облыс орталығының өзінде ғана бір күн ішінде белгіленбеген жерлерден өтудің ондаған фактісі тіркелді. Рейд барысында балаларға және олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелері, жолдардағы қауіпсіздіктің негізгі шаралары туралы еске салып, жадынамалар таратылды.

«Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жалғасып жатыр. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір бала қаза тауып, 46-сы түрлі дене жарақаттарын алды»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Студенттердің басты мәселесі: СҚО-да 700-ге жуық студентке жатақханадан орын жетпейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *