Солтүстік Қазақстан облысында биыл жасөспірімдер арасында қылмыс саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азайған. Сонымен қатар, оларға қарсы жасаған заң бұзушылықтардың да саны 20-дан 16-ға кеміді, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыс прокурорлары жасөспірімдерге қарсы және олардың қатысумен болатын заң бұзушылықтар туралы айтты. 2024 жылы өңірде жасөспірімдердің қатысуымен 42 қылмыс жасалған. Биыл әзірге жағдай жақсы. Жасөспірімдер өткен жылы осы кезеңде бес қылмыс жасаса, биыл төрт факті тіркелген. Ал балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 20-дан 16-ға азайды.
«2024 жылы жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыс саны 43,5 пайызға, 62 фактіден 89-ға дейін өскен болатын. Бірақ, жан-жақты жүргізілген жұмыстардың арқасында жасөспірімдердің қатысумен және оларға қарсы жасалған қылмыс саны биыл азайып отыр. Былтыр кәмелет жасына толмағандарды жыныстық қатынасқа тарту бойынша сегіз жағдай болса, биыл бір факті тіркелді. ҚР ҚК 120 бабы, яғни зорлау бойынша бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Былтыр салыстырмалы кезеңде төрт факті болған еді. Өзгеде сексуалдық тұрғыдағы әрекеттер болған жоқ. Өткен жылы мұндай үш факті анықталған», — деді өз баяндамасында облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да буллинг туралы хабарламаған екі мектеп директоры жазаланды