Ішкі істер министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде заңсыз көші-қонмен және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтумен байланысты қылмыстық схемалардың жолын кесті. Олардың ішінде Солтүстік Қазақстан облысына жалған құжатпен кіру фактісі де бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында көрші елдердің бірінің азаматы ұсталды. Ол бұған дейін Қазақстаннан шығарылғанына және елге кіруге тыйым салынғанына қарамастан, жеке деректерін өзгертіп, өзге адамның тегімен қайта кірген. Осылайша ол көші-қон бақылауынан жасырынуды көздеген.

Жалпы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің шетел азаматтарын заңды рәсімдерді айналып өтіп, ақшаға заңсыз кіргізу және ел аумағында «заңдастырумен» айналысқаны анықталды.

«22 қаңтарда Павлодар облысында Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдерден келген адамдардан құралған топ ұсталды. Олар Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтетін арнаны ұйымдастырған. Маршруттарды жасыру және ресми өткізу бекеттерін айналып өту үшін автокөліктермен қатар, қиын жерлермен қозғалуға мүмкіндік беретін снегоход пайдаланылған»,-деп хабарлады ҚР ІІМ.

26 қаңтарда Ақмола облысының Қосшы қаласында құжаттарды қолдан жасау арқылы шетелдіктердің елде болуын заңдастырған тағы бір топтың әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер шетел азаматтарына жалған анықтамалар мен құжаттар жасап, олардың Қазақстанда заңды негізде жүргендей көрінуіне жағдай жасаған.

Тінту барысында автокөліктер, шетелдік паспорттар, электронды тасымалдағыштар, кеңсе техникасы, сондай-ақ медициналық мекемелердің көптеген мөрлері тәркіленді.

Қылмыстық схемалардың негізгі ұйымдастырушылары сот санкциясымен қамауға алынды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392 және 394-баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *