СҚО-да жұмысшылардың міндетті зейнетақы жарнасы уақытылы төленбеген

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың зейнетақы құқықтарын қалпына келтірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қадағалау органы талдау шеңберінде зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдамау фактілерін анықтады. ҚР Әлеуметтік кодексінің  256-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы және толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады. Алайда бұл талаптарды кей аудандардың мемлекеттік қызметшілері елемеген.

«М. Жұмабаев ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы 5 жұмыс берушіге (салық төлеушілерге) қатысты 7 ай бойы 50 жұмыскердің пайдасына міндетті зейнетақы төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу бойынша тиісті шаралар қабылдамаған. Басқа жағдайда, Аққайың, Ақжар, Есіл, Мамлют, Шал ақын, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандары және Петропавл қаласы мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды адамдары Кодекстің талаптарын бұза отырып, зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін ӘҚБтК-нің 91-бабы бойынша 22 жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпаған», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.  

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы зейнетақы төлемдері бойынша 3 млн теңге мөлшеріндегі берешек өтелді. Жұмыс берушілер мен мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы медициналық колледж ұжымы кәсіби бағдарлау шараларын күшейтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *