СҚО-да жүргізуші куәліктері заңсыз беріліп келген

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға арналған куәліктерді заңсыз беріп келген шенеуніктерді анықтады. Заң талаптарын өрескел бұзу фактілері бір емес, бірнеше ауданда және облыс орталығында тіркелген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір прокурорлары жүргізген тексеріс барысында 2023 жылдың тамыз айында ғана көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған «Б» есімді азаматқа тоғыз айдан кейін тракторшы-машинист куәлігі заңсыз берілгендігі анықталды. Құжатты оған Ғ. Мүсірепов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы берген. Осылайша, шенеунік «Жол қозғалысы туралы» заңның талаптарын бұзған. 

Осыған ұқсас жағдайлар Айыртау, Есіл, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерінде анықталды.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған іске қатысты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген 2 тракторист-машинист куәлігі уәкілетті орган тарапынан тәркіленіп, жойылды. Қалған 12 куәлікті жарамсыз деп тану бойынша жұмыстар жүргізілуде», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: СҚО-да белгілі аграрий кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x