Солтүстік Қазақстанда 30 жастағы әйел жаяу жүргіншіні басып кетті. Салдарынан қария ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында болған. Көлік қағып кеткен 66 жастағы әйел аудандық акруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер қарияның өмірін ажалдан арашалап қала алмады.
Полицейлер әйелдің жүргізуші куәлігі болмағандығын растады.
«Аталған оқиғаға қатысты тергеу басталды. ҚР ҚК 345 бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды», — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ көлікті басқарған әйелдің жүкті болғандығы белгілі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жас ана даңа туған нәрестесін қораға тастап кеткен