СҚО-жа жүк пойызы 3 жылқыны басып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жүк пойызы 3 жылқыны басып кетті. Мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсан күні тіркелді. Пресногорьковск – Бауманский аралығында келе жатқан жүк пойызының машинісі темір жолда жүрген үйір жылқыны байқайды. Шұғыл тежеуді қолданғанымен, 3 мал жүк пойызының астына түскен.

«Мал иесі анықталды. Ол 43 жастағы облыс тұрғыны. Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 25 бас жылқы қораға қамалды»,-делінген хабарламада.

Осы жылдың 11 айында темір жолда 1055 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді. Оның ішінде 571 жылқы, 309 ірі қара, 87 ұсақ мал зардап шеккен.

Тағы оқыңыз: Кәсіпкерлер АИТВ-мен ауыратын балаларға жаңа жылдық сыйлықтар әзірледі

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x