СҚО-да жүк пойызы 16 бас ұсақ малды қағып кетті

СҚО-да 16 қой жүк пойызының астында қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 3 қараша күні Белеградовка – Жаңаесіл аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысып қалмау үшін  шұғыл тежегішті қолданған. Алайда одан нәтиже шықпады. 16 қой пойыз астында қалды. Жүк пойызы кестеден 10 минутқа кешікті. Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді. Оның 1077-сі темір жол бойында жануарлардың болуы себебінен екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бюджет қаражатын жымқырған мемлекеттік қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x