Солтүстік Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті зейнеткерге сапасыз тауардың ақшасын қайтаруға көмектескен. Оған қоса, кәсіпкерге де айыппұл салынған. Ол жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен айтылды, деп хабарлы Qazaqstan Media.

Бұрын кәсіпкерлік субъектілері «ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, енді айыппұл төлейді. Айыппұлдың мөлшері әртүрлі. Әкімшілік жаза тағайындалар алдында сатушы тараптың статусы ескеріледі.  Тиісті заңға сәйкес, жеке тұлғаларға да жаза қарастырылады. Оның көлемі бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жылдың ішінде осындай іс-әрекет қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге өседі.

Департамент бірнеше тұрғынның мәселесін шешіп берген. Оның бірі оңбай сан соғып қала жаздаған зейнеткерге қатысты. Азаматша 986 мың теңгеге есту аппаратын сатып алған. Ол көп ұзамай істен шығыпты. Алайда, сатушы тарап ақшаны қайтарудан бас тартқан.

«Зейнеткер сатушыға бір емес, бірнеше рет жүгініп, ақшаны қайтаруды сұраған. Бізге шағым түскеннен кейін, мамандарымыз жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тұрғынның 986 мың теңгесі қайтарылды», — деді СҚО бойынша сауда және тұтынушыларлың құқығын қорғау департаментінің басшысының орынбасары Ләзім Мияшева.

Ақшаны қайтарудан жалтарған кәсіпкерге әкімшілік жазаға тартылды. Оған 30 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл – тұтынушы құқығы бұзылған жалғыз жағдай емес. Мысалы, Петропавлдағы гипермаркеттердің бірінде ер адамға 360 теңгеге «Ромашка» тоқашын сатқан. Алайда сөреде ол 249 теңге деп көрсетілген екен.

«Бұл жағдайда тұтынушы 111 теңгеге артық төлеген. Кінәлі жауапты серіктестікке 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды – шамамен 59 мың теңге. Бұл қысқартылған өндіріс тәртібімен белгіленген айыппұлдың 50%-ын құрайды»,— деді спикер.

Тағы оқыңыз: Дархамбаеваның ісі бойынша жаңа мән-жайлар: босану, шын жүректен өкіну және денсаулығының нашарлауы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *