Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында зейнеткер күйеуімен саңырауқұлақ теріп жүріп, орманда адасып кеткен. 1952 жылы туған әйел адамды іздеу жұмыстарына кинологиялық жасақ, құтқарушылар және дрон қолданылды, деп жазады Qazaqstan Media.
73 жастағы зейнеткер жолдасымен бірге Шаховское ауылы маңындағы ағаш арасына саңырауқұлақ теруге барады. Кейін орманда серуендеп жүріп адасып кетеді. Ұзақ уақыт бойы оның қайда жүргені белгісіз болды.
«Іздестіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының маңында жүргізілді. Орман алқабын тексеру үшін құтқарушылар барлық қажетті құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырды»-деп жазады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Нәтижесінде төтеншеліктер жоғалған адамды Шаховское ауылынан алты шақырым жерден тапты. Қуанышқа орай, зейнеткерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Тағы оқыңыз: Әр саланың даму көрсеткіштері: Мемлекет басшысы СҚО әкімін қабылдады