Тағы да өрт, тағы да адам өлімі. Мағжан Жұмабаев ауданында зейнеткер әйел өз үйінде өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабар СҚО ТЖД-ның кезекші бөліміне 12 ақпан күні таң ата түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранған.

«Өртті сөндіру барысында үй иесі — 68 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 10 қызметкер және екі техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Еске салсақ, биыл қаңтар айында аталған ауданда өрттен әке мен екі бала қаза тапқан еді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құқықбұзушылықтардың алдын алу акциясы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *