Солтүстік Қазақстанда полицейлер құны алты млн теңге болатын 545 вейпті сатпақ болған жігіт ұсталды. Сонымен қатар, одан никотині бар сағыздар да анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемде вейп сатпақ болған жігітті ұстады. 19 жастағы петропавлдықтан жалпы құны алты млн теңгеден асатын заңсыз өнім тәркіленді. Оның ішінде 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотин бар 165 сағыз бар. Жас жігіт ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.
«Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясы 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бастап бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Тағы оқыңыз: Өткен аптада СҚО-ның төрт мыңнан астам тұрғыны ЖРВИ жұқтырған