марал атқан

СҚО-да буаз маралды атып өлтіргендер ұсталды. Енді олар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Қызылжар ауданының аумағында орын алды. Полицейлер құжат тексеру мақсатында «Mitsubishi Outlander» автокөлігін тоқтатқан. Оны Тайынша ауданының 62 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Ал, қасында 41 жастағы ауылдасы болды. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру кезінде пакеттерге салынған малдың етін тапқан.

«Тайыншалықтарсиырдың етін қалаға сатуға апара жатырмыз деп ақталған. Алайда, жедел-тергеу тобының білікті мамандары олардың айтқан сөзіне сенбеген. Кейін, бұл еттің маралдыкі екені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді»-делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдіктілер маралды Тайынша ауданындағы Макашевка ауылынан 15 шақырым жерде атқанын айтты. Олардың бірінің үйінен еттің бір бөлігі мен «Caesar Guerini» мылтығы тәркіленді. Қару осы іске қатысы бар екінші адамға тіркелген, оның үйінен полицейлер етті мүшелеудің іздерін анықтады.

«Жауап алу барысында жануардың басы, терісі, тұяқтары және іштегі тууға шақ қалған төлді лақтырып кеткен орын белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынды. Айта кету қажет, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қандай да бір аңшылыққа тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген», — дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.

Тағы оқыңыз: Президент мерт болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x