Былтыр Солтүстік Қазақстанда 116 заңсыз қоқыс полигоны анықталған. Тоғыз ауылдық округ әкімі айыппұл арқалады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық экология департаментінің басшысы хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Былтыр ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қалдықтарды орналастырудың 116 орны анықталды. Мұндай мәліметтерді «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы» АҚ ұсынған. Бүгінгі күні соның 106-сы, жойылған.
«Сонымен қатар, арнайы құрылған мобильді жұмыс топтары қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын түгендеу және анықтау мақсатында Петропавл қаласы, Қызылжар, Жамбыл, Мамлют, Есіл, Аққайың, Айыртау аудандарына барып 100 заңсыз қоқыс полигонын анықтады. Бүгіндері олардың 93-і жойылған. 16 әкімшілік іс қозғалып, тоғыз ауылдық округ әкімі жауапкершілікке тартылды. Оларға 221 520 мың теңге айыппұл салынды», — деп мәлімдеді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Талғат Сәбиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның 226 ұстазы білімі мен біліктілігін сынады