Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық соты заңсыз қару сақтаған азаматқа әкімшілік жаза тағайындады. Енді ауыл тұрғыны 78 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqsnan Media.

Сотта Д. есімді азамат өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетіндігін айтты. Оның сөзінше, 2024 жылдың қараша айында ол мылтықты ауыл маңындағы орманда жылқы бағып жүрген кезде тауып алған. Кейін қаруды үйіне әкеліп, диванның астына тығып қойған. Бірақ қолданып үлгермеген. Және оны полиция бөліміне тапсыру қажет екендігін білмеген. Қаруды сақтауға  рұқсаты да жоқ.

«Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық және қызметтік қаруды және оларға арналған патрондарды сақтауға ішкі істер органдарынан сақтауға рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға рұқсат етіледі. Жоғарыда аталған Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға өздері тапқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, өздеріне меншік иесі болып табылмайтын атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қарулар ішкі істер органдарына дереу тапсырылуға жатады», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, қаруы тәркіленді. Сондай-ақ оған 78 640 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда былтыр аялдамаларды қиратудың 19 дерегі тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *