Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңыңда Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Вячеслав Лукиных бой көрсетті. Ол биылғы талап-арыз жұмысының қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан департамент өкілдері алты азаматтық және әкімшілік сот ісіне қатысты. Басым бөлігі бойынша қорытынды жарияланған. Екі мәселе департаменттің пайдасына шешілді. Біреуі қанағаттандырылмаған. Тағы бір талап-арыз департамент бастамасы негізінде қайтарылып алынды. Қазіргі таңда екі іс сотта қаралуда.

«2025 жылдың басынан бері департамент табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 14 әкімшілік іс қозғады және қарады. Белгіленген мерзімде тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынбағаны үшін «Булаев су», «Диорит Компани», «Дайындық» және «Тайынша-Астық» серіктестіктеріне айыппұл салынды. Мәселен, бірінші аталған ұйымға 1 179 600 теңге төлеу міндеттелді»,- деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Вячеслав Лукиных.

Заңңама бұзған өңірдегі серіктестіктерге департамент жалпы 50 млн теңгеге жуық айыппұл салған. Бүгінде берешектің негізгі бөлігі өндірілмепті. Сол себепті департамент атқарушы органдарға жүгінген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл өндірісте 16 адам жарақат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *