Солтүстік Қазақстан облысында демографиялық ахуал жылдан жылға нашарлап барады. Себебі, жыл сайын өңір халқы бір пайызға азайып отыр. Соңғы 10 жылда 42 мың адамға кеміген. Аймақта туу көрсеткішінен өлім-жітім көп, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Қазақстан арнасына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 525 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұл республика халқының 6,6 пайызы. Туу коэффициенттінің ең төмен көрсеткіші өңірде тіркелген. Отбасылардың басым бөлігі бір немесе екі баламен шектелуді жөн санайды.
Қызылжар – өлім-жітім көрсеткіші бойынша да соңғы бірнеше жыл қатарынан тізім басында тұр. Негізгі себептері – қан айналымы, қатерлі ісік, тыныс алу жүйесінің аурулары көп.
Басқа жаққа қоныс аударып жатқандардың дені еңбекке қабілетті азаматтар. Салдарынан өңір халқының саны азайып қана қоймай, қартайып та барады.

«Экономикалық, әлеуметтік жағынан қызықтыратын аймақ болмағаннан кейін өз бетінше келетін адам жоқ. Ауыл шаруашылығы бағытында бір беткейлі, бір жақты ғана экономикамен қалып қоймай, экономиканы әртараптандыру деп айтамыз, қолға алған дұрыс», — дейді демограф Шынар Төлешова.

Солтүстікте әсіресе ауыл халқының саны кеміп барады. Жыл сайын бірнеше елді мекен картадан сызылады. Биыл тұрғындар саны 50 адамнан аспайын 140 ауыл тіркелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 43 интернет-ресурста суицид белгілері табылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x