Солтүстік Қазақстан облысында халық саны азайып барады. Ұлттық статистика бюросының жергілікті департаменті үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 1332 адамның өмірге келгенін, осы аралықта 1514 тұрғынның көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Сәуір айына дейінгі ақпаратқа сүйенсек, өңір халқының саны 533,4 мың адамды құраған. Өкінішке қарай, осы жылы дүниеге келгендерден қайтыс болғандар көп. Биыл бір жарым мыңнан астам өңір тұрғаны көз жұмса, 1332 нәресте солтүстікқазақстандықтардың қатарын толықтырған. Департамент өкілдерінің ақпаратынша, сәбилердің 681-і – ұл, қалған 651-і қыз бала. Шал ақын, Уәлиханов және Ақжар аудандарында туу көрсеткіші жоғары. Ал Қызылжар, Есіл, Аққайың аудандарында керісінше, төмен. Биыл өмірге келгендердің 40%-дан астамы облыс орталығында туған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз жұмыс істеген 6 медресе анықталды