СҚО-да «Вейп тапсыр — денсаулықты таңда!» акциясы өттін акция ұйымдастырылды. Бүгінгі шараға «Вейп тапсыр — денсаулықты таңда!» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Аты айтып тұрғандай, жерлестеріміз өз еркімен электронды темекіні құқық қорғау органдарының өкілдеріне табыстады. Прокуратура өкілдері вейпті сатқан немесе таратқан адамдар жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
«Бұл акция халық арасында вейп айналымы саласындағы әрекеттердің құқыққа қарсы екенін түсіндіруге бағытталған. Айта кету қажет, вейпті сақтаған, сатқан, таратқан жандар ҚР ҚК 301-бабының 1 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылады», — деді СҚО прокурорының аға көмекшісі Максим Доровик
Вейп әсіресе бауыр мен бүйрекке зақым келтіреді. Оның құрамындағы зиянды заттар қатерлі ісікке әкеліп соқтырады. Дәрігерлердің сөзінше, электронды темекінің зияны қарапайым темекіден көп болмаса, кем түспейді.
Жастардың денсаулығын сақтауға бағытталған акция облыстың барлық аудандарында да өтті. Шара адам көп жүретін орындарда ұйымдастырылуда. Петропавлда өткен акция барысында тұрғындар 30-ға жуық вейпті құқық қорғау органдарының өкілдеріне тапсырды.