СҚО-да заңсыз вейп сатқан үш жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстанда  ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз вейп сатқандарды ұстады. Олар тауарды Telegram арқылы саудалаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Заңсыз саудагерлер Петропавл қаласы Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында ұсталды. Ол 24 жастағы қала тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала тұрғынына тиесілі Mazda автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді Telegram арқылы сатқан.
Оған қоса, тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар тағы бір күдіктінің Lada автокөлігімен қала ішінде келе жатыр деген ақпарат алады. Ол 18 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. Жас жігіт Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері оның көлігінен 154 вейп тәркіледі.

«Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еске салайық, вейптердің айналымына тыйым салу осы жылы енгізілген болатын. Қылмыстық кодекстің 301-1-бабының санкциясына сәйкес, күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған», – деді СҚО ПД басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрахметов.

Тағы оқыңыз: Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы ұсынылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x