Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызылды. Аудан орталығының аумағында бір күнде 150 терек егілді.  Акцияға 40-тан астам адам қатысты. Тұрғындармен бірге ауылды көгалдандыруға аудан басшысы Мұрат Абдулов та ат салысты , деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Қар еріп,  жер құрғаған соң Уәлиханов ауданының тұрғындары елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді кірісті.

СҚО-да  Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150  терек отырғызылды
СҚО-да Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150 терек отырғызылды

«Бізде санитарлық тазарту бойынша үш айлық басталды. Жұмыс барлық ауылдық округтерде жүргізілуде. Аудан орталығында біз үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Көшелерден өтіп бара жатып, үйлердің маңынан қоқыс көрсек,  үй иесіне тазалықты сақтауға және  қоқысты шығару керектігін айтып хабарлама береміз»,-дейді Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Қойшыбаев.

23 сәуірде Кішкенекөлдегі орталық стадион аумағында ауылдың белсенді тұрғындары жүз  терек отырғызды. Экоакцияға 40-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында аудан әкімі Мұрат Абдулов та бар. Жергілікті билік атап өткендей, ауданда жаппай ағаш отырғызу былтыр күздің аяғында жоспарланған.

СҚО-да  Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150  терек отырғызылды
СҚО-да Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150 терек отырғызылды

Бүгін ауданда «таза бейсенбі»акциясы өтеді. Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың маңындағы аумақтарды жинау жоспарлануда. ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіштер де ұмыт қалған жоқ.

СҚО-да  Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150  терек отырғызылды
СҚО-да Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150 терек отырғызылды

«Бізде Жеңіс саябағында обелиск бар.  Оны жаңарту үшін барлық  қажетті материалды сатып алдық. Енді тазалап, жаңартамыз.  Күрделі жөндеу жоспарланбаған, тек жыл сайынғы ағымдағы жөндеу болады. Біз ескерткіштің күйін күзге дейін бақылауды жоспарлап отырмыз. Қажет болған жағдайда оның аумағын тазалап, сырлап, өңдейміз», — дейді Амангелді Қойшыбаев.

Сенбіліктерде жиналатын қоқыстарды екі компания: «Жолдасбай-Агро» және «Қызылту Су Арнасы» сыртқа шығаруға көмектеседі.

СҚО-да  Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150  терек отырғызылды
СҚО-да Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150 терек отырғызылды

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында тыл еңбеккерелеріне құрмет көрсетілді 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *