[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/ком.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Өткен жылы өңірдегі кей шаруашылықтар алқаптарға минералды тыңайтқыштарды енгізбеген. Салдарынан егін шығымдылығы төмендеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аққайыңдар өлкесіндегі диқандардың бәрі бірдей минералды тыңайтқыштарды қолдануға құлық танытпай отыр. Мысалы, Ақжар ауданындағы 280 фермердің 20-сы ғана тыңайтқыш қолданған. Нәтижесінде қалған 260 шаруа орта есеппен кем дегенде 1 гектардан 5-7 центнер астық жоғалтқан. Бұл туралы облыстық әкімдік қабырғасында өңірдің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қорытындыланып, алдағы жоспарлары талқыланған жиында сөз болды. Аймақ басшысы Айдарбек Сапаров бейінді басқарма өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.
«Мұндай жағдай жалғыз Ақжарда ғана емес, өзге де аудандарда тіркелген. Қазір мемлекеттен салаға көрсетілетін қолдау мығым. Минералды тыңайтқыштардың 50 пайызы үкімет тарапынан субсидияланады. Сондықтан, жұмысқа бей-жай қарамау керек. Бұл – жалпыға қатысты мәселе. Биылғы жылы мұндай жағдай қайталанбасын», — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]