Солтүстік Қазақстанда 24 ақпаннан бастап туберкулезге қарсы республикалық айлық басталды. Ай бойы тегін флюорографиялық тексерулер, дәрістер, консультациялар, флешмобтар мен ашық есік күндері сияқты түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бұл аурудың алдын алу және емдеу шараларын күшейтуге көмектеседі, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысында туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. Тіпті аурушаңдықтың төмендеуі байқалады. 2024 жылы 188 жаңа жағдай тіркелген. Сонымен қатар, вакцинация, тексеру және пациенттерді әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Аурумен күресу үшін ведомствоаралық бастамалар, оның ішінде ДУИС мекемелерімен және НПО ұйымдарымен ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

«Айлық аясындағы іс-шаралар мыналарды қамтиды: Облыстық фтизиопульмонология орталығында ашық есік күндері өтеді. Мұнда әркім флюорографиялық тексеруден өтіп, дәрігердің консультациясын ала алады. «Сити Молл» сауда орталығында флешмоб және көшпелі флюорограф ұйымдастырылады. Бұл профилактикалық тексерулердің маңыздылығын атап өту үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Туберкулезден әлемді жарықтандыр» халықаралық науқаны аясында маңызды көрнекті орындар қызыл түспен жарықтандырылады», — деді ОФПО директоры Құмар Күсемісов.

Облыстың алты ауданында туберкулезбен ауыратын пациенттерді анықтау және емдеуге қайтару бойынша «Сенім-Солтүстік» ҮЕҰ жұмыс істейді.

Туберкулезбен ауыратын пациенттерге ай сайын әлеуметтік көмек ұйымдастырылған. 2024 жылы 413 пациентке 65 135 166 теңге көлемінде көмек көрсетіліпті.

Тағы оқыңыз: «Көше сыпырып жүргенің үшін ұяламын»: Петропавлда коммуналдық мекеме қызметкері өз жұмысы жайлы айтып берді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *