СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды

Солтүстікқазақстандық тіс дәрігері Сергей Блохин қазір қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Оның қолынан шыққан жиһаз бен себеттер сұранысқа ие. Стоматолог мамандығын қолданбалы өнерге ауыстырған шебермен Qazaqstan Media тілшісі кездесіп қайтты.

Есіл ауданының Явленка ауылында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Сергей талдан жасаған бұйымдарының оннан астам түрін әкелген. Эко-бұйымдарды жақсы көретіндер арасында әрине, мұндай тауарлар сұранысқа ие. Сондықтан болар, жәрмеңкеде сауда нүктесінің жанынан өту қиынға соқты. Мынадай тербелетін орындықтар бірден көзге түседі. Бірақ кейбірі салмағы ауыр болғандықтан оған отыруға қорқады.

«Қорқудың еш қажеті жоқ. Тербелетін орындық 160 келіге дейінгі ауырлықты көтере алады. Ол өте ыңғайлы және берік. Ең бастысы, табиғи материалдардан жасалған», — дейді шебер Сергей Блохин.

Бұрын мұндай тербелетін орындықты Сергей бірнеше ай бойы жасаған. Ал қазір барлық қажетті заттары дайын болса, орындықты үш-төрт күн ішінде жинайтын болған.

СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды

Сергей шамамен 20 жыл тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Бірақ көру қабілеті нашарлаған соң, мамандығын тастауға тура келіпті. Ал қолөнер бұйымдарын жасауды интернеттен үйренген. Осылайша, біртіндеп талдан әдемі себеттер тоқып, жиһаз жасай бастаған. Оның өнімдерін негізінен қазақстандықтар сатып алады. Кейде олар шетелде тұратын туыстары мен достарына сыйлық ретінде алатын көрінеді.

«Қолдан жасалған бұйымдар, әсіресе табиғи материалдардан жасалған заттар әрқашан сұранысқа ие болатын. Қазір де солай. Және олар жақсы бағаланады. Десе де, мен өнімдерімді қымбатқа сатпаймын. Тербелетін орындықтың құны – 65 мың, табалардың асына қоятын тақтайшалар -800 теңгеден басталады. Ал себеттер үш мың теңге тұрады», — дейді Сергей Блохин.

Жәрмеңкеге келген әр адам талдан жасалған бұйымдарға қызығушылықпен қарап, тапсырыс беруде. Мұндай шаралар қолданбалы өнер шеберлеріне сауда жасауға және жаңа клиенттер табуға жақсы мүмкіндік.  

«Бірде мен 16 орындық пен сегіз адамға арналған үлкен үстел жасадым. Ол менің осы уақытқа дейін алған ең үлкен тапсырысым болатын. Сол кезде мен 450 мың теңге табыс таптым», — дейді шебер.

Бірақ ай сайын мұндай тапсырыстар бола бермейді. Кейде сауда мүлдем жүрмей қалады дейді шебер. Сол уақытта ол қол қусырып отырмай, жұмысын жалғастыра береді.

«Ең бастысы және ең қиыны-материалжинау. Ол үшін өзен-көлдербойыменсеруендеп, батпақтарда жүру керек. Сол жерлерде жүріп тал іздеймін. Кейін ағашты тазалап, өңдеу қажет. Бір ғана зат жасамаймың ғой. Сондықтан шикізатты көп өнімге жеткізу үшін біраз дайындау керек», — дейді Сергей.

СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды

Барлығы дайын болғаннан кейін ғана өнім тоқылады. Дәл осы процестен шебер ләззат алатын көрінеді. Бас кезінде шеберге түрлі бұйымдарды жасауға қыздары көмектескен. Олар ер жетіп, отбасын құрған. Сондықтан қазір Сергей барлығын жалғыз өзі жасайды. Ал жұбайы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Сондықтан оның отағасына көмектесуге уақыты жоқ.

«Көмекші болғаны жақсы ғой. Өйткені, жалғыз өзің ештеңеге үлгермейсің. Былтыр жазда мен екі адамды жұмысқа алғанмын. Биыл тағы жалғыз қалдым.  Әрине, осы іске үйренгісі келгендер болды. Бірақ олар жұмыс істей алмады. Себебі, бұл жұмыс ерекше табандылықты қажет етеді. Өйткені, шыбық сынса, онда барлығын басынан бастау керек болады», — дейді Сергей Блохин.

Күніне ол үш — төрт үлкен себет тоқи алады. Кішкентай себеттерге аз материал жұмсалғанымен, олар көбірек уақыт алатын көрінеді.  

«Іс жүрмейтін кездер де болады. Сол уақытта бәрін тастап, жұмыс іздеймін деп ойлаймын. Кейін себет тоқуға отырып, бәрін ұмытып кетемін. Ең бастысы, не істесең де, бәрін жақсы көңіл-күймен бастау қажет. Әйтпесе, ештеңе өнбейді», — дейді шебер.

Ол өз өнімдеріне арналған материалдарды күзде жинай бастайды. Яғни, жақын күндері ол шикізат жинауға кіріседі.

«Қыста да кейде орманға барып, материал жинаймын. Қарға батып, қиналсам да сүйікті ісімді тастағым келмейді. Өзіме жол талғамайтын «Нива» көлігін сатып алдым», — деп толықтырды Сергей.

СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды
СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды

Ол кез келген өнімді тапсырыс берушінің өлшемі және талғамы бойынша жасап береді. Сондықтан сапалы өнімге тапсырыс берушілер көп. Жәрмеңкеде Сергей барлық дерлік бұйымдарды сатып үлгерген. Тіпті, тапсырыстар да қабылдаған. Бірнеше адам тербелетін орындық және себет сұратқан. 

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында футболдан турнир өтіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x