СҚО-да Tik-Tok желісінде сепаратизмді насихаттаған келіншек 3 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік желіде тікелей эфирде Ресейді қолдап, Солтүстік өңір көрші елге тиесілі, екіталай күн туса Ресейдің қарулы күштерін қолдаймын деп пікір білдірген келіншек сотталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Мамлют ауданы Дубровное ауылының  тұрғыны Татьяна Лопаревич 2024 жылдың екінші наурызында үйінде, түскі ас дайындап жүріп Tik-Tok әлеуметтік желісінде «стримге» шығады. Онда ер адаммен диалог құра бастайды. Түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, Татьяна еркектің Ресей Федерациясы, оның  президенті Путин туралы, көрші елдегі президент сайлауы туралы сұрақтарына ашық жауап береді.

«Әңгімелесу барысында Татьяна Лопаревич олардың әңгімелері жазылып жатқандығын және өзгелерге қолжетімді екенін біле отыра,  өзінің идеологиялық көзқарасын айтып, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды насихаттауға бағыттады. Ол Солтүстік Қазақстан Ресейдің тарихи бөлігі екенін, Петропавл қаласы да Ресей Федерациясының аумағына кіретінін айтты. Сондай-ақ қарулы қақтығыс болса, Ресей әскерін қолдайтындығын ашық жеткізді. Бұл әрекеті Қазақстан аумағында тұратын бірқатар тұлғалар арасында сепаратизмді тудыруы мүмкін. Тікелей эфирде әңгімелесе отыра, Татьяна Лопаревич дүниежүзілік интернет желісін пайдаланушылар арасында да, елдегі ұлтаралық қатынасты да бұзып, дау тудыруы ықтиал. Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуға әрекет етті»,- делінген сотта қарастырылған істе.

38 жастағы келіншек әлеуметтің желідегі сөздерін растап, кінәсін толық мойындады.  Сот оның бес баласы және екінші топтағы мүгедек, жұмыссыз  күйеуі бар екенідігін ескерді. Істі тергеп-тексеру барысында Татьяна Лопаревичтің кінәсі толық дәлелденген. Мамлют аудандық соты оны  26-шы маусым күні ҚР қылмыстық кодексінің 180 бабы екінші бөлігі бойынша кінәлі деп танып оған, ҚР қылымыстық кодексінің 55 бабының төртінші бөлігін қолдана отыра үш жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесінде өтейтін болады.

Үкім шыққаннан кейін, екінші күні  Татьяна Лопаревич пен оның жұбайына қатысты тағы бір іс қаралды. Бірақ, қылмыстық емес, әкімшілік. 23 маусым күні олар, мас күйде үйлерінде жанжал шығарған. Ер адам  келіншекті балағаттаған. Ерлі-зайыптылар татуласуына байланысты, бұл іс жабылды.

Ал, қылмыстық іс бойынша Татьяна  қайта шағымданып,  іс 12 тамызда қайта қаралатын болады.

Тағы оқыңыз: Ақжар ауданындағы Хасеновтар жанұясы «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы атанды  

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x