Маусымның 6-сы күні ел бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік ұйыдастырылды. Оған 800-ге жуық солтүстікқазақстандық қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Тазалық акциясы барысында ең үлкен учаскелердің бірі облыс орталығында болды. Акция аясында AMANAT партиясы өкілдері, спортшылар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, зейнеткерлер мен депутаттар 20-шы ықшам ауданды күл-қоқыстан тазартты.
«Жуков көшесі, 5в мекенжайының маңында орналасқан учаске алдын ала таңдалып алынған. Шаруаға «Новинтех» және «Коммунхоз» ЖШС ұсынған 5 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 100-ден астам ерікті мен белсенділер қосылды. Айта кетейін, бұл акция апта сайын өтетін болады», — деді AMANAT партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.
Тазалық іс-шарасы аясында 105 тонна қоқыс жиналды. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленетін болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да түнгі уақытта көше кезген 84 жасөспірім анықталды