«Астана-Петропавл» автожолында кезекті жол-көлік оқиғасы орын алды. Өкінішке қарай, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Адам өлімі тіркелген оқиға Аққайың ауданы Ленинское ауылының маңында орын алды. «Chevrolet Cobalt» автокөлігі және «Volvo FH» жүк көлігі бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында көзжұмды болды.

«Қазіргі таңда аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мән-жай анықталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады»,- деді СҚО ДП баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді сапарға шыққанда барынша сақ болуға және жол ережесін сақтауға шақырады.

Тағы оқыңыз: Ауылдағы өрт: Құтқарушылар дер кезінде газ баллонын сыртқа алып шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *