Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар тас жолда жүк көлігі өртенді. От машинаның кабинасынан шыққан, деп жазады Qazaqstan Mediа.
Жүк көлігі Аққайың ауданы, Астраханка ауылының маңында өртенген. Республикалық маңызға ие тас жол бойында машинаның кабинасы жалындаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалынды тез ауыздықтап үлгерген. От жүк көлігінің кабинасынан шығыпты. Қазіргі кезде мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 10 кәсіпкер қыз-келіншек бизнес жүргізу бойынша тегін курстан өтуде