СҚО-да тамыздың алғашқы 10 күні жауынды болады

Синоптиктер тамыз айының алғашқы 10 күніне арналған ауа райын болжамын айтты. Жаздың соңғы айындағы орташа температура 19,6 градустан аспайды. Мамандардың айтуынша, бұл көпжылдық нормадан бір градусқа жоғары, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қазгидромет» СҚОФ мамандарының болжамына сәйкес жаздың соңғы айында облыс бойынша орташа ауа температурасы 19,6 градустан аспайды. Синоптиктердің айтуынша, бұл көрсеткіш көпжылдық мәндерден бір градусқа жоғары. Жауын-шашын мөлшері қалыпты шектерде болады деп болжанады: 42-54 мм.
Тамыз айының алғашқы күнінде Петропавлда күн ашық болса, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Орташа температура 23-28 градус жылы болмақ.
Екінші тамыз күні облыс бойынша термометр көрсеткіші +31-ге дейін жоғарылауы ықтимал. Түнде облыстың батыс, солтүстік және шығыс аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндізгі уақытта аймақтың батыс және оңтүстік бөліктерінде қатты жел тұрып, жаңбыр жауады деп болжануда.

«Үшінші тамызда облыс бойынша жауын-шашын, найзағай, бұршақ жауады. СҚО-ның батыс бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы 12-17 жылуға дейін төмендейді. Күндіз-25-ке дейін көтеріледі. Петропавлда 28 градус жылы болады деп күтеміз», — деді «Қазгидромет» СҚОФ мамандары.

Болжам бойынша, айдың бірінші жексенбісі де жаңбырлы болады. Демалыс күні қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ және қатты жел тұрады. Күндіз ауа температурасы 18-23 аралығында, ал облыстың оңтүстігінде +26 градус болады.
Жауын-шашын, бұршақ және найзағай он күн бойы сақталмақ. Желдің екпіні орташа і 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Күндізгі ауа температурасы 22-27 градус жылы, түнгі температура 12-17 градус аралығында болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі бірдей шағын аудан жарықсыз отыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *