Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық суретшілер симпозуымы өтеді. Ауқымды шараға «Түркі мемлекеттерінің ұйымына» кіретін елдерден келген 20-дан астам қылқалам шебері қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өңіріміздің мәдениет саласында қатысты жаңалықтар облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Мәселен, биыл Петропавлда «Мағжан орталығы» ашылады. Басты мақсат – «Мен жастарға сенемін» деп жырлаған ақиық ақынның мұрасын насихаттау. Өскелең ұрпақты Мағжан шығармаларымен тәрбиелеу.
Сондай-ақ, тамыз айында суретшілер мен көркем туындыларды жақсы көретін тұрғындар мен облыс қонақтарын үлкен іс шара күтіп тұр. «Түркі мемлекеттерінің ұйымына» кіретін елдерден келген 20-дан астам қылқалам шебері қатысатын «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық суретшілер симпозуымы өтеді. Ол осымен үшінші рет ұйымдастырылайын деп отыр.
Қылқалам шеберлері көне ескерткіштерді қағаз бетіне түсірумен қатар, өңірдің тарихы мен салт-дәстүрін сурет өнері арқылы паш етеді.
Тағы оқыңыз: СҚО жолдарында тағы бірнеше «ақылды» бейнекамералар орнатылды