СҚО-да тамақтан уланған отбасының жағдайы белгілі болды

СҚО-да тамақтан уланған отбасының екі мүшесі әлі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданындағы тамақтан улану фактісі бойынша тың ақпарат анықталды. Отбасының үш мүшесі 13-ші маусымда түнде астан ұшындық деп ауылдағы медбикені үйлеріне шақырған. Маман ана мен екі балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін сол күні таңертең тағы да аталмыш жанұя медбикені шақырған. Қызметкер келгенде 2021 жылы туылған баланың жансыз денесін анықтайды.

«Екі жедел жәрдем көлігімен 1996 жылы туылған анасы мен 2014-2017 жылы туған екі баланы облыс орталығындағы ауруханаларға бірден жеткіздік. Анасы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде жағдайы жақсарғанымен жансақтау бөлімінде жатыр. 2014 жылғы бала балалар ауруханадасында жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр»,-деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшы орынбасарының міндетін атқарушы Раиса Құсайынова.


Ал 2017-ші жылғы баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барлық шара жасағанымен ол ауруханада көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша олар тамақтан уланған. Оқиғадан бір күн бұрын отбасы кешкісін пицца, тұшпара, шұжық жеген және газды сусын ішіпті. Қазір факті бойынша қажетті сараптама жүргізіліп жатыр.

«Денсаулық сақтау басқармасында аталмыш жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылды. Медицина саласына қатысты барлық жағдайларды анықтайтын боламыз. Науқастарда мидың ісігі болған, тамақ арқылы инфекция түскен. Үйдің отағасы қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Айта кету керек, астан адам қатты улану мүмкін»,- деді Раиса Құсайынова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіби мерекелеріне орай 70-ке жуық медицина қызметкері марапатталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x