СҚО-да тамақтан уланған ана мен бала жансақтау бөлімінен шығарылды

Солтүстік Қазақстанда тамақтан уланып, ауруханаға түскен ана мен баланың жағдайы белгілі болды. Олар бүгіндері жансақтау бөлімінен шығарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға маусымның 12-сі күні Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында болған. Мұнда кешкі астан кейін бір отбасының екі бірдей баласы көз жұмған. Ал олардың анасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді. Олар ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

«Балалардың анасы бүгін жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді. Қазір онымен психолог мамандар жұмыс жасап жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер астан уланып, ауруханаға түскен баланың да жағдайы жақсарып келеді дейді. Ол жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылған.

Айта кетейік, отбасы мүшелерінің нақты неден уланғаны белгісіз. Оны анықтау үшін сараптама жүргізілуде. Оның қорытындысы осы аптада дайын болмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның өрт қауіпті кезеңге дайындығы ақсап тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x