СҚО-да табиғи апат кезіндегі жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған семинар өтті
Солтүстікте Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйелерін нығайту жобасы аясында облыстық семинар-тренинг өтті. Астана қаласынан келген білікті мамандар жерлестерімізге бар білгендерін үйретті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Жасыратыны жоқ, су тасқыны кейбір кемшіліктерді көрсетті. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермей, кез келген қауіпке дайын болу керек. Бұл бағытта жауапты мекемелердің бірлескен жұмысын оң жолға қою, шұғыл шешім қабылдау аса маңызды. Іс-шараға қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Колумбия университеті ұйытқы болды.
СҚО-да табиғи апат кезіндегі жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған семинар өтті
«Апат ешқашан айтып келмейді. Мамандар кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Бүгін олардың дайындығын тексереміз, әртүрлі тапсырма береміз», — ҰҚ ДСО қоғамдық денсаулық саласы ТЖ жөніндегі орталығының директоры Сауран Ердесов.
Семинарға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары, ТЖД мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Мәселен, болуы мүмкін тасқын кезінде тұрғындар уақытша тұрақтарға көшіріледі. Бір нысанда 50-ге жуық адам болуы мүмкін. Оның ішінде жасы да, кәрісі де бар. Халық көп шоғырланған жерде жұқпалы аурулардың өршу ықтималдылығы жоғары. Сол сәтте мына отырған мамандар жүйелі түрде әрекет етуі қажет. Денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар Жанат Әбілов шарадан мол ақпар алған.
СҚО-да табиғи апат кезіндегі жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған семинар өтті
«25 жылдың ішінде облыстағы төтенше жағдайға қатыстым. Оның ішінде құс грипі, ковид және су тасқыны бар. Әр апат кезінде жүйелі түрде жұмыс істедік. Жағдайды бақылауда ұстадық», — деді Ақмола бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы СҚО бойынша бөлімінің бас маманы Жанат Әбілов.
Шараға өңір аудандарынан мамандар келген. Ұйымдастырушылар осыған дейін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді аралаған.