СҚО-да 3800-ден астам мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Бүгін бірқатары төл мерекелерінде марапат пен түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Айтулы шарада облыстың дамуына зор үлесін қосып жүрген 70-ке жуық адам марапатталды. Алғашқылардың бірі болып құрметке бөленгендердің арасында Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко да бар. Азаматшаға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» табысталды. Ол еңбек жолын осыдан тура 30 жыл бұрын бастапты. Осы аралықта нәзікжанды бірнеше мекемеде бас маман болып жұмыс істеген. Елена Степаненконың басты міндеті — өзі басқарып отырған аймақты көркейтіп, халықтың мәселесін шешу.

«Мемлекеттік қызметші болу — ол аянбай еңбек етіп, халықтың мүддесін қорғау. Өмірімнің тең жартысынан көп уақытын осы салаға арнадым. Еш өкінбеймін. Ауданымды дамыту үшін барымды саламын. Жоспарым ауқымды», -деді Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко.
Тағы оқыңыз: СҚО-да олимпиада күні туған сәбилерге ерекше құрмет көрсетілді