Петропавлда ежелден келе жатқан рәсім -«Тұсау кесу» ұйымдастырылды. Тәрбиелік маңызы бар шараға «Балалар үйінің» жеті тәрбиеленушісі шақыртылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дана қазақ халқы қашан да дәстүрді берік сақтайды. Жетімін жылатпаған, өзгені өзегінен теппеген халық. Өңір жетекшісі құттықтау сөзінде көздері мөлдіреп, ата-ана жылуынан қағылған балғындардың тәрбиешілеріне алғысын білдіріп, еңбектерін жоғары бағалады.

«Балалар үйінің» ұжымы, сіздерге өзімнің және жиналған азаматтардың атынан алғыс айтамын. Сіздер балаларға ата-ана мейірімін сыйлап келесіздер», — деді СҚО әкімі.

Әр баланың қасында тұрған азаматшалар екінші аналары. Дүниеге әкелмесе де, өмірге бейімдеп келеді. Салтанатты іс шара барысында ұл-қыздардың қабағын аңдумен болды, көңілі босағандарды бауырға басып, жұбатып бақты. Мұндай мейірім көрген, тәлім-тәрбие алған балапандар болашақта ала жіпті аттамауы тиіс.

Көпті көрген үлкендер «Тұсау кесу» рәсімінің өзіндік талабына да тоқталды. Қазыналы қариялардың айтқан ақылын жастар жағы ұғып алуы қажет.

СҚО-да «Тұсау кесу» рәсімі өтті
СҚО-да «Тұсау кесу» рәсімі өтті

«Тұсауды пышақпен кеседі. Кейбір адамдар қайшы қолданады. Бұл дұрыс емес. Қайшы кеспейді, қайшы қияды. Осыған мән беру қажет», — деді ардагер ұстаз Қымбат Исманова.

«Тұсау кесу» рәсіміне де кезек келді. Зор бақыт саналатын балалардың тұсауын өңірге танымал азаматтар кесті. Жетектеп, алғашқы қадамдарына куә болды.

Ұл-қыздардың бірі — кітап, ал екіншісі қамшы көтерді. Ырым бойынша бұл балалар білім қуады, ел басқарады. Игі шараға қатысқандардың арасында бокстан Әлем чемпионы Наталья Богданова да бар. Қылықты бүлдіршіндердің қадамына қуанған жеңімпаз оларға тек жақсылық тілейді.

СҚО-да «Тұсау кесу» рәсімі өтті
СҚО-да «Тұсау кесу» рәсімі өтті

«Мұндай шараға өзім алғаш рет қатысып отырмын. Мән-маңызы өте зор рәсім деп білемін. Әр бала бақытты болуға лайықты. Оларға мықты денсаулық тілеймін! Болашақта ғалым, чемпион атансын! Біз қолдан келгенше көмектесуіміз қажет. Ата-аналар ұл-қыздарын тастамаса екен деймін», — Наталья Богданова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *