Петропавлда үш бала тәрбиелеп отырған ана сот арқылы баспана алуға қол жеткізді. Ол 2007 жылдан бері «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша тұрғын үйге кезегінде тұрған. Алайда ТҮКШ бөлімі мамандары оған ата- анасынан қалған үйің бар, деп кедергі болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін әйелге Ольшанка ауылындағы жалпы ауданы 20,2 шаршы метр болатын тұрғын үйдің ¼ бөлігін мұраға алған.

2023 жылы ол бұл үлесін көршісіне сыйға тарту келісімі арқылы берген. Арада бір жыл өткен соң, жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарды несиелеу бағдарламасы бойынша Петропавл қаласынан пәтер бөлінген.

Алайда ТҮКШ бөлімі пәтерді сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан. Себебі бұған дейін иеліктен шығарылған баспана тұруға жарамды деп танылған.

Әйел сотқа жүгініп, ТҮКШ бөлімін пәтерді сатып алу-сату шартын жасауға міндеттеуді талап еткен.

«Істі қараған сот мұраға қалған 10,5 ш.м тұрғын үй алаңы санитарлық және техникалық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Сонымен қатар, үлестің жалпы ауданы — 20,2 ш.м ғана. Ал заңнама бойынша әр адамға кемінде 15 ш.м тұрғын үй алаңы қарастырылуы тиіс.

Бұдан бөлек, әйелдің отбасында әр жыныстағы балалар бар екені де ескерілмеген. Бұл олардың жеке бөлмемен қамтамасыз етілуін талап етеді»,-деп жазылған сот хабарламасында.

Сот талапкердің уәждерін негізді деп танып, ТҮКШ бөлімін пәтерді сатып алу-сату шартын жасауға міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарға арналған экопикник өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *